Иранның шикі мұнай экспорты 50 пайызға ұлғайды
Maм 10, 2016 19:44 Asia/Almaty
Қытай, Үндістан, Жапония және Оңтүстік Кореяның Ираннан мұнай импортының орташа есебі 2016 жылғы наурыз айында күніне бір млн 560 мың баррельге жетті.
Үндістанның Ираннан шикі мұнай импорты 2016 жылы наурыз айында орта есеппен күніне 506 мың баррельге жетті. Бұл өткен бес жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып саналады. Оңтүстік Корея да 2016 жылы наурыз айында Ираннан орта есеппен күніне 264 мың баррель мұнай импорттады. Бұл осы елдің былтырғы осы кездегі импорт көлемінен шамамен 95 пайыз көбірек болып табылады.
Тегтер