Канани: Иран мен АҚШ келісімінің мерзімі – 2 ай
(last modified Thu, 24 Aug 2023 11:38:28 GMT )
Там 24, 2023 17:38 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Иран мен АҚШ келісімінің мерзімі – 2 ай",-деді.

Насер Канани апталық брифингте тұтқындармен алмасу және Оңтүстік Кореядан активтерді босату үдерісінің қазіргі жағдайы туралы: "Осыған байланысты көрсетілген уақыт мерзімін тиісті органдар ең көбі екі ай деп белгіледі",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани: "Белгіленген мерзім ішінде Иранның ақшасы аударылады деп үміттенеміз. Келісім бойынша ақша аудару үдерісі жақсы деңгейде жүзеге асырылып жатыр",-деді.

Насер Канани сондай-ақ Иранның басқа елдерде бұғатталған активтерін босату туралы: "ИИР өз халқының құқығын орындаудан бас тартпайды және бұл бағытта байсалды жұмыс жасап жатыр",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Халықаралық мешіт күні болғанына тоқталып: "Бұл күні  сионистік режим әл-Ақша мешітін өртеп жіберді. ИИР үкіметінің ұсынысымен осы күн Халықаралық мешіт күні деп аталды. Ислам әлемі ешқашан әл-Ақша мешітіне қол сұғуға жол бермейді",-деді.  

Насер Канани Швеция мен Данияда Құранға құрметсіздік көрсетіліп, исламофобиялық әрекеттер жасалып жатқанына тоқталып: "Иран бұған дейін де Швецияда Құранға құрметсіздік көрсетілгеніне және осы ел үкіметінің мұндай әрекеттердің алдын алу шарасын жасамағанына наразылық ретінде Швеция елшісін ИИР СІМ-ге шақыртты",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Дания елшісінің қызметін атқарушы да осы себептен ИИР СІМ-ге шақыртылды",-деді.

Насер Канани: "Құран – ең дәлелді мәлімдеме. Оны сөз бостандығы деген сылтаумен қорлап, елеусіз қалдыруға болмайды",-деді.