Там 26, 2023 15:38 Asia/Almaty
  • Путин Пригожиннің қаза тапқанына реакция білдірді

Ресей Президенті Тверьде орын алған әуе апатынан қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтты.

Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Владимир Путин бейсенбі күні: "Мен Пригожинді 1990 жылдардан бері танимын. Ол бір дарынды кәсіпкер еді. Бірақ қателіктер жасады. Ол тағдыры күрделі адам еді, бірақ дарынды болатын. "Вагнер" тобы Украинада нацизммен күресуде үлкен рөл атқарды. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз",-деді.

The New York Times газеті: "Америкалық барлау қызметкерінің айтуынша, Ресей ішінде ешқандай зымыран атылған жоқ. Пригожиннің ұшағы Ресейдің жерден әуеге атылатын зымырандарымен нысанаға алынғаны туралы дерек жоқ",-деп жазды.

Бұл барлау қызметкері: "Пригожиннің ұшағының ішінде жарылыс болды деген болжам бар. Ұшаққа бомба қойылған болуы мүмкін",-деді.  

 

Тегтер