Еуропаның Қоршаған ортаны қорғау ұйымы: Биыл еуропалықтардың 30 пайызы су тапшылығын сезінеді
https://itolqyn.com/news/world-i71948-Еуропаның_Қоршаған_ортаны_қорғау_ұйымы_Биыл_еуропалықтардың_30_пайызы_су_тапшылығын_сезінеді
Еуропаның Қоршаған ортаны қорғау ұйымының хабарлауынша, Испанияда су қоры шамамен 41 пайызға азайды. Италия, Норвегия, Нидерланды мен Литвадағы өзендер мен көлдердің су деңгейі төмендеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 28, 2023 21:38 Asia/Almaty
  • Еуропаның Қоршаған ортаны қорғау ұйымы: Биыл еуропалықтардың 30 пайызы су тапшылығын сезінеді

Еуропаның Қоршаған ортаны қорғау ұйымының хабарлауынша, Испанияда су қоры шамамен 41 пайызға азайды. Италия, Норвегия, Нидерланды мен Литвадағы өзендер мен көлдердің су деңгейі төмендеді.

Утрехт университетінің хабарлауынша, Еуропада өнеркәсіп орындары су көздерінің 50 пайызын, ауыл шаруашылығы су көздерінің 40 пайызын тұтынады. Қалған 10 пайызы ғана адамдарды тұщы сумен қамтамасыз етуге жұмсалады.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның хабарлауынша, Еуропа басқа құрлықтардан көбірек жылдамдықпен жылып барады.