Америка полициясы жүкті әйелді өлтірді
https://itolqyn.com/news/world-i72040
АҚШ-тың Огайо штатының полициясы жүкті қара нәсілді әйелді атып өлтірген бейне жариялап, халықтың наразылығын тудырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 02, 2023 14:39 Asia/Almaty

АҚШ-тың Огайо штатының полициясы жүкті қара нәсілді әйелді атып өлтірген бейне жариялап, халықтың наразылығын тудырды.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, жұма күні жарияланған бұл бейне Огайо шетіндегі Бландон округіндегі азық-түлік дүкенінің тұрағында 21 жастағы әйелдің өлтірілуін көрсетеді. Басшылардың хабарлауынша, атыс кезінде Такиа Янгтың құрсақтағы баласы да өлген. Оқиға полиция Янгтың көлігін дүкенді ұрлады деп айыптағаннан кейін тоқтатпақ болған кезде болған.

Жас келіншектің отбасы құрсағындағы қызының екі айдан кейін, яғни қараша айында туылатынын хабарлады. Янгтың отбасының айтуынша, оның тағы екі баласы бар.