Американың соғысты қоздыратын жаңа қадамы: Украинаға азайтылған ураны бар оқ-дәрілерді жіберу
(last modified Sat, 02 Sep 2023 10:34:10 GMT )
Қыр 02, 2023 16:34 Asia/Almaty
  • Американың соғысты қоздыратын жаңа қадамы: Украинаға азайтылған ураны бар оқ-дәрілерді жіберу

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі алғаш рет Украинаға құрамында азайтылған ураны бар оқ-дәрі жібереді. Бұл оқ-дәрі жақын күндері жарияланатын жаңа қару пакетінің бір бөлігі.

 

Құрамында азайтылған ураны бар оқ-дәрілер Украинаға жеткізілген американдық «Абрамс» танктерінен атылған және ресейлік танктерді жоюға қабілетті. Оқ-дәрілер алдағы апталарда Украинаға жеткізіледі деп күтілуде. Жаңа қару-жарақ пакеті әлі нақтыланбағанымен, оның құны 240-375 миллион долларды құрайды.

АҚШ Батыс пен НАТО-ның көшбасшысы ретінде Ресейді мүмкіндігінше әлсіретіп, ресейліктерді адам мен техникадан шығынға ұшырату үшін Украинадағы соғыстың ауқымын одан әрі кеңейту үшін барын салуда. Вашингтонның осыған байланысты соңғы әрекеті Украинаға құрамында азайтылған ураны бар оқ-дәрілерді жіберу болып табылады. Бұл әрекет украиндық күштердің қарсы шабуылындағы тығырыққа тірелген жағдайды ескере отырып және ресейлік әскерилерге үлкен соққы беру және оларды басып алынған аудандардан шығару үмітімен қабылданып отыр. Құрамында азайтылған ураны бар оқ-дәрілерді пайдалану даулы мәселелердің бірі болып табылады және оның қарсыластары, соның ішінде Уран қаруына тыйым салу жөніндегі халықаралық коалиция бұл қару түрі қауіпті және қатерлі ісік ауруына немесе мүгедек балалардың туылуына әкелетінін мәлімдеді.

Байден үкіметінің көзқарасы бойынша, Ресейдің Украинадағы соғыста, тіпті НАТО-ға жақын жерде жеңіске жетуі бұл әскери ұйымның беделін түсіріп, Ресейдің аймақтық және халықаралық ықпалы мен күшінің кеңеюін білдіреді және бұл Еуропадағы қауіпсіздік, әскери және саяси теңдеулерді Батыстың зиянына өзгертеді. Сондықтан АҚШ үкіметінің логикасы бойынша бұл сценарийдің жүзеге асуына кедергі келтіретін кез келген әрекет, соның ішінде азайтылған уран оқ-дәрілерін пайдалану ақталады.

Мәскеудің көзқарасы бойынша, Американың Украинадағы соғысты жалғастырудағы мақсаты – Ресейді ыдырату түпкі мақсатына жету үшін, бұл елді мүмкіндігінше әлсірету. Бұл американдық жоғары лауазымды шенеуніктердің жанама немесе тіпті ашық түрде баяндаған мәселесі. Осылайша, Украинадағы қазір 19-шы ай  бойы жалғасып,  орасан зор адам шығыны мен үлкен әскери шығынға, сондай-ақ Украина инфрақұрылымының жойылуына әкеліп соқтырған соғыс аяқталмас түгілі, Украина президенті Владимир Зеленскийдің, АҚШ пен басқа батыс елдерінің ауқымды қолдауымен қарқынды түрде жалғасады.