Жаңа сауалнамада Трамп пен Байден бірдей дауыс жинады
Қыр 03, 2023 18:02 Asia/Almaty
The Wall Street Journal баспасы жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, АҚШ-та президенттік сайлауға қатысты сауалнамаға қатысқандардың 46 пайызы қазіргі президентке, 46 пайызы бұрынғы президентке дауыс берген.
Сауалнама бойынша, қатысушылардың 8 пайызы үміткерлердің қайсысына дауыс беретінін әлі шешпеген.
The Wall Street Journal баспасының болжауынша, егер басқа бір партиядан үшінші үміткер бәсекеге түссе, Трамп 40 пайызбен бірінші орынға, Байден 39 пайызбен екінші орынға, басқа үміткер 17 пайызбен үшінші орынға тұрақтайды.
Тегтер