Амир Абдуллахиан: Иран мен Түркияның сауда айналымын 30 млрд еуроға жеткізу көзделіп отыр
(last modified Mon, 04 Sep 2023 09:21:07 GMT )
Қыр 04, 2023 15:21 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі Теһранда өзінің түрік әріптесімен бірге өткізген баспасөз конференциясында: "Екі ел арасында сауда айналымын 30 млрд еуроға жеткізу көзделіп отыр. Қазір орта жолдамыз",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан: "Иран мен Түркия басшылары бекіткен келісімдердің орындалып жатқанына қуаныштымыз",-деді.

Амир Абдуллахиан: "Преференциялық сауда құжатын жаңарту туралы келісімге келдік. Транзиттік жолдар Иран мен Түркия арасында бәсекелестік тудырмайды, тек бір-бірін толықтырады",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі: "Өнеркәсіп пен энергетика салаларында әріптестікті дамытуға және ұстаздар мен студенттермен алмасуға келістік",-деді.

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан осы брифингте: "Түркияда жер сілкінісі болғанда Иран бізге тілеулестік білдірді. Бұған алғыс айтамыз",-деді.  

Хакан Фидан: "Иран мен Түркия – аймақтағы екі мықты ел. Бұл біздің жауапкершілігімізді арттыра түседі",-деді.

Тегтер