Иран әлемдегі ең ірі 10 болат өндірушінің қатарында
Қыр 04, 2023 17:50 Asia/Almaty
Халықаралық болат ассоциациясы өзінің жаңа есебінде: "2023 жылдың алғашқы 7 айында Иранда шикі болат өндіру былтырғымен салыстырғанда 4,5 пайызға артып, 3 млн 200 мың тоннаға жетті",-деп мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Халықаралық болат ассоциациясы 2023 жылдың шілде айындағы әлемде шикі болат өндіру көлемі туралы есебінде: "Бұл айда әлемде шикі болат өндірісі 158 млн 500 мың тоннаға жетті. 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда 6,6 пайызға өскен. Иран бұрынғыдай әлемнің ең үздік 10 болат өндірушінің бірі саналады",-деп хабарлады.
Ресей 2,8 пайызбен, Қытай 2,5 пайызбен биылғы 7 айда болат өндірісі бойынша оң өзгеріс тіркеді.
Тегтер