Bloomberg биылғы жылдың басынан бері Иранның мұнай экспортының 54%-ға өскенін хабарлады
(last modified Tue, 05 Sep 2023 06:25:44 GMT )
Қыр 05, 2023 12:25 Asia/Almaty
  • Bloomberg биылғы жылдың басынан бері Иранның мұнай экспортының 54%-ға өскенін хабарлады

Bloomberg ақпарат арнасы өз есебінде 9 шаһриварда Иранның тәулігіне 1,7 миллион баррель шикі мұнай мен 152 мың баррель конденсат экспорттағанын мәлімдеді.

Осы есеп бойынша Иранның мұнай экспорты тамыз айында алдыңғы аймен салыстырғанда 38 пайызға артты. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш соңғы бес жылдағы, яғни АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы  келісімінен шыққаннан бері Иранның мұнай экспортының ең жоғары деңгейі болып табылады. Иранның мұнай экспорты 2023 жылдың басынан бері артып келеді.