Де-долларизация – жаһандық шындық
Доллардың америкалық гегемония мен отаршылдықтың құралы екеніне тоқталған Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Долларсыздандыру тек Мәскеудің қалауы емес, жаһандық шындыққа айналды»,- деді.
Мария Захарова былай деп қосты: «Елдердің көбі бір-бірімен саудада ұлттық валютаға ауысып, долларды пайдаланудан бас тартып жатыр». Ресей дипломатиялық мекемесінің баспасөз хатшысы елдердің коммерциялық операцияларда ұлттық валютаны пайдалануды неліктен кеңейтіп жатқанын түсіндіріп: «Олар тағы да Америка дағдарысының құрбаны болмау үшін кепілдікке ие болғысы келеді»,- деп айтты.
Өткен аптада БРИКС тобы өзінің жаңа мүшелерімен барлық трансшекаралық саудада ұлттық валюталарға ауысуды қарастырып жатқаны туралы хабарлар таралды.