Солтүстік Корея жаңа ядролық сүңгуір қайығын таныстырды
https://itolqyn.com/news/world-i72184-Солтүстік_Корея_жаңа_ядролық_сүңгуір_қайығын_таныстырды
Солтүстік Корея жұма күні таңертең осы елдің басшысы Ким Чен Ынның қатысуымен өткен рәсімде жаңа ядролық-тактикалық сүңгуір қайығын таныстырды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 08, 2023 20:11 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея жаңа ядролық сүңгуір қайығын таныстырды

Солтүстік Корея жұма күні таңертең осы елдің басшысы Ким Чен Ынның қатысуымен өткен рәсімде жаңа ядролық-тактикалық сүңгуір қайығын таныстырды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын осы рәсімде: "Пхеньян өзінің барлық ірі сүңгуір қайықтарын жаңартып, оларды ядролық-тактикалық қарулармен жарақтауды көздеп отыр",-деді.

Ал бұл жағдайда Солтүстік Кореяның ақпарат құралдары өткен жексенбіде осы елдің қарулы күштері АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуына жауап ретінде "Ядролық-тактикалық шабуыл" атты әскери жаттығу өткізгенін хабарлады.