Раиси: Иран аймақ шекараларында қандай да бір өзгеріс жасалуына қарсы
(last modified Sun, 10 Sep 2023 10:54:45 GMT )
Қыр 10, 2023 16:54 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран аймақ шекараларында қандай да бір өзгеріс жасалуына қарсы

ИИР Президенті аймақтағы тарихи шекараларда қандай да бір өзгеріс пен текетірестің болуына қатты қарсы екенін қайта мәлімдеп, Иранның аймақтың саяси географиясына өзгеріс жасалуының алдын алуда рөл ойнауға әзір екенін баса айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сенбі күні Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сұхбатында оның Кавказ аймағындағы соңғы өзгерістер жайлы баяндамасына реакциясында Иранның аймақтағы тарихи шекараларда қандай да бір өзгеріс пен текетірестің болуына қатты қарсы екенін қайта мәлімдеп, Иранның мықты көршілес ел ретінде аймақтың саяси географиясына өзгеріс жасалуының алдын алуға әзір екенін баса айтты.

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян осы телефон арқылы сұхбатта: "ИИР әрдайым аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті орнату, сақтау және нығайтуда ықпалды да конструктивті рөл атқарып келеді",-деді.

Армения Премьер-министрі сондай-ақ ИИР-дың Кавказ аймағына қатысты ұстанымдарына алғыс айтты.