Қыр 10, 2023 20:05 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі Мароккода зілзаладан қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтып, осы оқиғадан зардап шеккендерге көмектесуге дайын екенін жариялады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан сенбі күні кешке әлеуметтік желіде зілзаладан қаза тапқандарға байланысты Марокко халқы мен үкіметі, әсіресе Сыртқы істер министрі Насер Буритаға көңіл айтып, ИИР-дың зілзаладан зардап шеккендерге қызмет көрсетуге дайын екенін айтты.

Al-Jazeera телеарнасының хабарлауынша, Марокконың Ішкі істер министрлігі: "Елде сенбі күні болған жойқын жер сілкінісінен 2012 адам қаза тауып, 2059 адам жараланды",-деп хабарлады.  

Тегтер