Қыр 10, 2023 22:09 Asia/Almaty
  • Иран ШЫҰ-ның лаңкестікке қарсы күрес кеңесінің отырысына алғаш рет ресми түрде қатысты

ИИР Шанхай ынтымақтастық ұйымына толық мүше болып кіргеннен кейін ирандық делегация ШЫҰ-ның лаңкестікке қарсы күрес аймақтық құрылымы кеңесінің 40-шы отырысына алғаш рет ресми түрде қатысты.

4 шілдеде Үндістанның төрағалығымен онлайн форматта өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының 23-ші отырысында ИИР осы ұйымға ресми түрде қабылданды. Сондықтан ИИР ШЫҰ-ның тоғызыншы мүшесі болды. Соңғы жылдарда Ресей мен Қытай АҚШ тарапынан санкцияға ұшырағаннан кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымы экономикалық әріптестікке көбірек көңіл бөліп келеді. Бірақ бұл ұйым қауіпсіздік және саяси ынтымақтастық негізінде құрылған және қызметінің барлық жылдарында осы мәселені қадағалауға тырысып келді.

Иран ШЫҰ-ға мүше болып қабылданғаннан екі ай өткен соң ресми түрде осы ұйымның лаңкестікке қарсы күрес кеңесінің отырысына қатысты. Бұл ИИР үшін трансшекаралық қауіпсіздік саласындағы әріптестікте маңызды қадам болды. Аталмыш отырыста ИИР-ға екі маңызды ұстаным айтылды. Біріншісі, кеңес мүшелері соңғы бірнеше айда болған лаңкестік әрекеттер, соның ішінде  ДАИШ-тың Шахшырақ кесенесіне шабуылын айыптап, осындай лаңкестік әрекеттердің алдын алуға ұсыныстар жасады. Екіншісі, бұл отырыста аймақ елдеріне терроризм мен экстремизмге қарсы күресте жасап жатқан талпыныстары үшін алғыс айтылып, құрбандар, қарулы күштер мен әскери қолбасшылар, соның ішінде Ислам революциясының Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің шәһид қолбасшысы Қасым Сүлеймани еске алынды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басты басымдығы қауіпсіздікті сақтау болғандықтан және ИИР әлемде лаңкестіктен ең көп зардап шеккен ел екенін ескеріп, ИИР-дың лаңкестікпен күрес тәжірибесі ШЫҰ-ның жұмысын нығайтуға көмектесе алады.

Тегтер