Қыр 11, 2023 16:37 Asia/Almaty
  • Иранның солтүстік-батысындағы шекараларда әскери күш орналастырып жатқаны теріске шығарылды

Иран Қарулы күштерінің бас штабы басшысының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Иранның солтүстік-батысындағы Армениямен арадағы шекарада ирандық күштер орналасқаны туралы қауесеттерді теріске шығарды.

Бригада генералы Мұхаммед Ахади Әзірбайжан республикасының "Апай" агенттігі тілшісінің "Иран күштерінің елдің солтүстік-батысында орналасқаны және Әзірбайжанмен ықтималды соғыс жағдайында Арменияға әскер кіргізетіні" туралы сұрағына жауабында: "Бұл хабар мүлдем негізсіз. Иранның жоғары мәртебелі әскери делегациясы Бакуде орналасқандықтан мұндай ақпараттардың негізсіз екені анық",-деді.

Иран Қарулы күштерінің бас штабы басшысының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары: "Бұдан бірнеше күн бұрын Иран Қарулы күштерінің бас штабы басшысы мен Әзірбайжан Қорғаныс министрі телефон арқылы сұхбаттасты. Екі ел арасында өте жақсы қарым-қатынас орнады",-деді.

Өткен күндері ИИР аймақ елдеріне Армения соғысы туралы ескерткені туралы қауесет тарады. Онда Армения мен Әзірбайжан арасында соғыс болған жағдайда Иран Арменияға әскер кіргізеді деп айтылған.

Сенбі, 19 шахриварда Иран мен Әзірбайжан арасында әскери-қорғаныс ынтымақтастығына қатысты ортақ комиссиясының үшінші отырысы Әзірбайжан Қорғаныс министрі Закир Хасанов пен Иран Қарулы күштерінің бас штабы басшысының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары бригада генералы Мұхаммед Ахадидың қатысуымен өтті.

Тегтер