НАТО Ресейге қарсы күресу мақсатында ең үлкен әскери жаттығу өткізеді
(last modified Mon, 11 Sep 2023 12:02:34 GMT )
Қыр 11, 2023 18:02 Asia/Almaty
  • НАТО Ресейге қарсы күресу мақсатында ең үлкен әскери жаттығу өткізеді

НАТО Ресейге қарсы күресуге бағытталған талпыныстардың бір бөлігі ретінде келесі жылы көктемде қырғи қабақ соғысынан бергі ең үлкен әскери жаттығу өткізеді.

НАТО келесі жылы көктемде өтетін ең үлкен әскери жаттығуға дайындалып жатыр. 40 мыңнан аса әскери қызметкер жиналып, Ресейдің НАТО-ға мүше елдердің біріне кез келген ықтималды шабуылының бетін қайтаруға жаттығады.

The Financial Times газетінің хабарлауынша, Steadfast Defender атты әскери жаттығу НАТО-ны дағдарысқа реакция білдіретін альянстан соғыста күресетін альянсқа айналдыру үшін шұғыл түрде жасалып жатқан талпыныстардың бірі бөлігі саналады. Альянстың айтуынша, Украина соғысынан кейін НАТО өз саясатын өзгертті.

НАТО-ның хабарлауынша, келер жылдың көктемінде ең ірі әскери жаттығу өтеді. Онда 500-700 әуе маневрі жасалып, 50-ден аса кеме мен 41 мыңға жуық әскери қатысады деп жоспарланып отыр.