Қыр 14, 2023 17:11 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран Ирактың ауыр күндердегі досы екенін дәлелдеді

Иран Президенті: "Иран ДАИШ-пен күресте Иракты қорғау үшін жан аяп қалмады және Ирактың ауыр күндердегі досы екенін дәлелдеді",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сәрсенбі күні Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хұсейнмен кездесуінде осы ел үкіметі мен халқына Арбағин зияратшыларын қонақжайлықпен қабылдап, Арбағин рәсімін салтанатты түрде өткізгені үшін алғыс айтып, Ирак үкіметінің министрліктері, шекаралық күштері, Хашд аш-Шааби мен халықтың, әсіресе күрке ұйымдастырушылардың әріптестігін маңызды да әсерлі деп атады.

Иран Президенті Теһран үкіметінің Ирак жерінде және шекаралық аймақтарда лаңкестік топтардың болуын қаламайтынын айтып, Иран мен Ирак арасында қауіпсіздік саласындағы келісімдердің толық орындалуы керегін баса айтты.

Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хұсейн осы кездесуде:"Ирак үкіметі ешбір топ пен ағымға осы елдің территориясынан көршілес елдер, соның ішінде ИИР жеріне қауіп төндіруге рұқсат бермейді",-деді.          

Тегтер