Қыр 14, 2023 17:53 Asia/Almaty
  • Иран мен Армения Сыртқы істер министрлері Оңтүстік Кавказдағы өзгерістер мен өзара қарым-қатынасты тереңдету жайлы сұхбаттасты

Иран мен Армения Сыртқы істер министрлері Оңтүстік Кавказда болып жатқан өзгерістер мен өзара қарым-қатынасты кеңейту және тереңдету жолдары жайлы пікір алмасты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні Арарат Мирзоянмен телефон арқылы сұхбаттасып, Армения мен АҚШ-тың бірлескен әскери жаттығуына тоқтатып, кез келген бөгде күштердің аймақта болуын жағдайдың күрделене түсуіне себеп болатынын айтты.

Ирак Сыртқы істер министрі аймақта тұрақты бейбітшілікке жету үшін қайшылықтарды түбегейлі шешу керегін айтып, жан-жақты бейбітшілікке жетудің ең әсерлі жолын аймақтық механизм, соның ішінде 3+3 форматында келіссөз өткізу деп атады.

Арарат Мирзоян Иранмен қарым-қатынастың дамуын маңызды да сындарлы деп атап, Әзірбайжан республикасының әскери күштерінің дислокациясына тоқталып: "Оңтүстік Кавказда қандай да бір шекаралық өзгерістерді қабылдауға келмейді",-деді.

Армения Сыртқы істер министрі өз елінің территориясы Иранға қарсы қимылдардың жері болмайтынын мәлімдеп, Ереван ме Теһран арасындағы қарым-қатынасты кеңейту керегін айтты.

Тегтер