Путин Ким Чен Ынның Солтүстік Кореяға шақыруын қабылдады
(last modified Thu, 14 Sep 2023 15:25:11 GMT )
Қыр 14, 2023 21:25 Asia/Almaty
  • Путин Ким Чен Ынның Солтүстік Кореяға шақыруын қабылдады

Жергілікті ақпарат құралдары бейсенбі күні таңертең Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ынның Ресей Президенті Владимир Путинді Пхеньянға ресми сапармен келуге шақырғанын хабарлады.

Солтүстік Кореяның орталық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Путин Амур облысындағы "Восточный" ғарыш орталығында Ким Чен Ынмен екіжақты кездесуінде Солтүстік Кореяға ресми шақыруды қабылдады.

Бұл мәліметте: "Ким Чен Ын ресми кешкі астың соңында Путинді тиімді уақытта Солтүстік Кореяға келуге шақырды. Путин осы шақыруды қуана қабылдап, Ресей мен Солтүстік Корея арасында тарихи достық қатынасты ілгерілетуге дайын екенін баса айтты",-делінген.