Ресей 2 америкалық дипломатты елден шығарды
(last modified Fri, 15 Sep 2023 07:39:13 GMT )
Қыр 15, 2023 13:39 Asia/Almaty
  •  Ресей 2 америкалық дипломатты елден шығарды

 Ресей Сыртқы істер министрлігі Америка елшілігінің екі қызметкерін «жағымсыз элементтер» деп атап,   Мәскеудегі елшісін шақыртты.

Russia Today-дің хабарлауынша, АҚШ-тың Мәскеудегі елшісі Линн Трейси Дэвид Бернстайн мен Джеффри Силинге қатысты наразылық хатын алу үшін Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырылған. Тамыз айының соңында Ресей қауіпсіздік қызметі екі америкалықты Ресей азаматы Роберт Шоновтың ақпарат беруші ретінде жұмысқа орналасуымен байланыстырды. Роберт Шонов әрекеті Ресейдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған шетелдік үкіметпен немесе халықаралық ұйыммен сөз байласуы үшін заң бойынша сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

АҚШ Мемлекеттік департаменті дипломаттардың кез келген заңсыз әрекетін жоққа шығарып, мұны Ресейдегі АҚШ елшілігінің қызметкерлерін қорқыту және қудалау әрекеті деп атады.