Қыр 16, 2023 18:41 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі: Келесі аптада Иранның босатылған активтері Орталық банк ұсынған 2 банкке түседі

Иран Сыртқы істер министрі: "Иранның Оңтүстік Кореяда бұғатталған 6 миллиард еуросы келесі аптада Орталық банк ұсынған 2 аймақтық банкке түседі",-деп хабарлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Дамғанда өткен "Қуғындағы мұджахедтер" сегізінші халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде: "Оңтүстік Кореяда бұғаттан босатылып, жуырда Швейцарияға SWIFT арқылы аударылған 6 миллиард еуро келесі аптада Иранның Орталық банкі ұсынған 2 аймақтық банкке аударылады. Бұл ақшаны өз қажетімізге жұмсаймыз",-деді.

Амир Абдуллахиан мұнайды азық-түлікке айырбастау мәселесін теріске шығарып: "Беделді дипломатияда мұндай тақырыпқа орын жоқ",-деді.

Тегтер