Канани Батыстың Иранға қарсы жаңа санкцияларына реакция білдірді
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Батыстың Иранға қарсы жаңа санкцияларына реакция білдіріп: "Батыс елдерінің Иранға қатысты деструктивті қатынасты жалғастыруы олардың мүдделеріне сай келмейді",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани жұма күні кешке Еуропадағы бірнеше ел мен АҚШ режимінің әрекеттері, соның ішінде ішкі іске араласушы мәлімдемелер жариялауы, кейбір ирандық басшылар, ақпарат құралдарына қарсы санкциялар жариялауына реакция білдіріп: "Өкінішке қарай, адам құқығы және әйел құқығына қатысты қара тарихқа ие кейбір тараптар ИИР-да арандатушылық тудыру үшін үйлесе әрекет етіп, саяси тұрғыдан құнсыз мәлімдемелер жасап, қайта-қайта әсерсіз санкциялар жариялайды",-деді.
Канани осындай ішкі іске араласушы әрекеттер мен масқара қойылымдарды айыптап: "Өз азаматтары, әсіресе әйелдер мен азшылық топтар – түрлі түстілер, байырғы тұрғындар мен мингранттарға ұдайы қатыгездік жасайтын және күнде бала өлтіретін режимнің қылмыстарына ешқашан наразылық білдіріп, айыптамаған елдердің Иран халқына қатысты өтірік жас төгуге қақы жоқ",-деді.