Қыр 16, 2023 20:01 Asia/Almaty
  • Ресей Еуропа үштігін

Ресей СІМ-нің баспасөз хатшысы өз мәлімдемесінде: "Мәскеу Еуропа үштігін (Ұлыбритания, Германия мен Франция) "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын әдейі бұзуға шешім қабылдағанын айыптады",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мария Захарова Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррельдің соңғы сөздеріне жауабында: "Мәскеу Ұлыбритания, Германия мен Францияның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын әдейі бұзуға шешім қабылдағанын кесімді түрде айыптады",-деді.

Мария Захарова: "Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздер арқылы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыруға ерекше жағдайлар қалыптасқанда еуропалықтар ашуланып осындай шешім қабылдап отыр",-деді.

Мария Захарова: "Біз Еуропа елдерінен өздерінің бүлдіргі жолын өзгертіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын сақтап, өздерінің халықаралық міндеттемелерін толық орындауды сұраймыз",-деді.

Тегтер