Лавров пен Зариф Сирияда орын алып жатқан оқиғалар туралы сөйлесті
Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері Сириядағы қазір болып жатқан оқиғалар туралы пікір алмасты.
«Рейтер» агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей Сыртқы істер министрлігі: «Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні телефон арқылы сөйлесіп, Сириядағы атыс тоқтатудан кейінгі жағдай туралы пікір алмасты»,- деп мәлімдеді. Сол мәлімдемеде Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің Сирияны қолдайтын халықаралық топтың отырысында ДАИШ пен Ән-Носрат топтарының соғысы мен оларға жабдықтар жеткізу каналдарын жабу мәселесіне баса назар аударылуы қажеттігін қуаттағандары айтылған.
Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2254 және №2268-ші қарарлары бойынша Сирияның дағдарысын саяси жолмен шешу туралы келіссөздерге барлық сириялық топтардың қатысу қажеттілігін баса айтты.
Бұл АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы Джон Керри сейсенбі күні «17 мемлекеттен құрылған Сирияны қолдайтын халықаралық топ 17-ші мамырда Венада отырыс өткізеді» деп мәлімдеген жағдайда айтылып отыр.