Қыр 18, 2023 13:36 Asia/Almaty
  • Сербиядағы еркін күрес турнирі: Ауыр салмақтағы алтын медаль Иранға бұйырды

Иранның 125 келі салмақтағы ұлттық құрамасының балуаны әлем чемпионатының финалдық матчында грузин қарсыласын жеңіп, алтын медаль тақты.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, еркін күрестен әлем чемпионатының 125 келі салмақтағы финалдық кездесуінде ирандық Амир Хұсейн Заре жексенбі күні кешке грузин Гено Петраишвилимен кездесті. Финалдық кездесуде Заре әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері грузиялық Гено Петраишвилиді 11:0 есебімен жеңіп, алтынға ие болды. Амир Хұсейн Заре Белградта Иранның алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін Хасан Яздани мен Амир Мұхаммад Яздани күміс медаль алған болатын.

 

Тегтер