Қыр 18, 2023 13:58 Asia/Almaty
  • Иран делегациясы ШЫҰ-на мүше елдердің соттарының басқосуына аттанды

Иранның сот делегациясы, соның ішінде бес жоғары дәрежелі судья Қытайдың Жоғарғы халық сотының ұйымдастыруымен өтетін ШЫҰ-на мүше елдер соттары судьяларының аймақтық кездесуіне қатысады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің құқықтық ынтымақтастығын дамыту мақсатында осы ұйымға мүше елдер соттары судьяларының өңірлік ассамблеясы Қытайдың Жоғарғы Халық Сотының күтуімен өтеді.  Бұл кездесуге ИИР да қатысады.

Бұл отырыста сот беделі, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар, компьютерлік қылмыстар, коммерциялық келісім-шарттар және Шанхай ұйымына мүше елдер арасындағы сот ынтымақтастығын дамыту жолдары сияқты мәселелер талқыланып, пікір алмасу болады.

 

 

Тегтер