Қыр 20, 2023 16:49 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Армения мен Әзірбайжан арасында атысты тоқтату бітімі сақталу керегін баса айтты

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан өзінің армян әріптесімен кездесуінде Ереван мен Баку арасында атысты тоқтату бітімі сақталу керегін баса айтып, мәселелерді диалог арқылы шешуге шақырды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Президентімен бірге Нью-Йоркке барған Амир Абдуллахиан жексенбі күні кешке әлеуметтік желідегі парақшасында Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездескенін хабарлап: "Осы кездесуде Армения мен Әзірбайжан арасында атысты тоқтату келісімінің баптарын сақтау керегі, мәселені диалог арқылы шешу керегі айтылды",-деп жазды.  

Амир Абдуллахиан:"ИИР Қарабақты Әзірбайжан республикасының бір бөлігі санайды. Бірақ қайшылықтар саяси жолмен диалог арқылы шешілуі тиіс",-деді.

Тегтер