Қыр 20, 2023 17:03 Asia/Almaty
  • Раиси Иран мен Пәкістанның қарым-қатынасын кеңейту үшін кедергілерді жою керегін баса айты

Иран Президенті екі ел басшыларының бастамашыл жобалар мен тәсілдерді пайдаланып, өзара қарым-қатынасты кеңейту үшін кедергілерді жоюды тездетуге талпыну керегін баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Нью-Йоркке сапарының екінші күнінде Пәкістан Премьер-министрі Анвар ул-Хақ Какармен кездесуінде қолда бар әлеуеттерді ескере отырып, екі елдің қарым-қатынас деңгейін жеткіліксіз деп атап, екі ел басшыларының бастамашыл жобалар мен тәсілдерді пайдаланып, өзара қарым-қатынасты кеңейту үшін кедергілерді жоюды тездетуге талпыну керегін баса айтты.  

Анвар ул-Хақ Какар да осы кездесуде ИИР-дың Пәкістанның сыртқы саясатындағы арнайы орнына тоқталып, екі ел шекарасының қауіпсіздігін сақтау керегін айтып: "Иран халқы Пәкістанмен көрші болғаннан қауіпсіздік пен тыныштық сезінуі тиіс",-деді.

Тегтер