Генерал-майор Бағери: Иран мен Ресей арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық құжаты дайындалып жатыр
(last modified Wed, 20 Sep 2023 11:26:46 GMT )
Қыр 20, 2023 17:26 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бағери: Иран мен Ресей арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық құжаты дайындалып жатыр

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы Ресей Қорғаныс министрімен кездесуінде екі ел арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық құжаты дайындалып жатқанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Мұхаммед Бағери Теһранда Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуінде екі ел қарым-қатынасын нығайтудың маңыздылығына тоқталып: "Екі ел басшыларының шешіміне сәйкес, Иран мен Ресей қарым-қатынасы даму үстінде. Қуанышымызға қарай, бұл қатынас қазіргі жағдайда жаңа көлемге ие болды",-деді.

Генерал-майор Бағери екі елдің әскери-қорғаныс саласындағы байланыс деңгейін жоғарылату мақсатында келесі жылдың ақпан айында Ресеймен ортақ әскери жаттығу өтетінін айтты.

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы сондай-ақ аймақтық қайшылықтарды, соның ішінде Әзірбайжан мен Армения арасындағы қайшылықтарды шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Ресей Қорғаныс министрі де осы кездесуде Иран үкіметінің өзін жылы қабылдағанына алғыс айтып, осы сапардың мақсатын қорғаныс саласында ынтымақтастықты дамыту деп мәлімдеп, екі ел арасында бірлесе оқу-жаттығу өткізіп, университет деңгейінде студенттермен алмасу керегін айтты.

Тегтер