Қыр 21, 2023 17:16 Asia/Almaty
  • Иран мен Мысыр Сыртқы істер министрлері өзара қатынасты нығайту керегін баса айтты

Иран мен Мысыр Сыртқы істер министрлері БҰҰ Бас ассамблеясының отырысы аясында кездесіп, екі елдің қатынасын нығайту керегін баса айтты.

Амир Абдуллахиан мен әл-Шокри осы кездесуде екіжақты қызықтыратын мәселелер жайлы егжей-тегжейлі сұхбаттасты.

Қос тарап: "Иран мен Мысырдың тарихи, мәдени және өркениеттік ортақтықтарын ескеріп, ортақ мүдделер аясында екі елдің басшылары арасында диалогты жалғастыру арқылы ортақ мақсаттарға жетуге қадам жасауы керек ",-деді.  

Иран мен Мысыр Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде сондай-ақ екіжақты қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту екі елдің мүдделерін қамтамасыз етумен қоса, аймаққа да оң әсер ететіні айтылды.

Тегтер