Иран мен Мысыр Сыртқы істер министрлері өзара қатынасты нығайту керегін баса айтты
Қыр 21, 2023 17:16 Asia/Almaty
Иран мен Мысыр Сыртқы істер министрлері БҰҰ Бас ассамблеясының отырысы аясында кездесіп, екі елдің қатынасын нығайту керегін баса айтты.
Амир Абдуллахиан мен әл-Шокри осы кездесуде екіжақты қызықтыратын мәселелер жайлы егжей-тегжейлі сұхбаттасты.
Қос тарап: "Иран мен Мысырдың тарихи, мәдени және өркениеттік ортақтықтарын ескеріп, ортақ мүдделер аясында екі елдің басшылары арасында диалогты жалғастыру арқылы ортақ мақсаттарға жетуге қадам жасауы керек ",-деді.
Иран мен Мысыр Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде сондай-ақ екіжақты қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту екі елдің мүдделерін қамтамасыз етумен қоса, аймаққа да оң әсер ететіні айтылды.
Тегтер