АҚШ Иранның банктік қарым-қатынастарындағы кедергілерді жоюы керек
Саяси бақылаушылар еуропалық және азиялық мемлекеттердің Иранмен экономикалық және сауда қарым-қатынастарының алға ілгерілеуіне қарамастан қаржы органдары мен банктер және үлкен бизнесмендер АҚШ-ның санкцияларына алаңдауда.
Шетелдік ірі банктердің көбі көптеген мәселелерге, соның ішінде АҚШ-тың өткен кезеңдегі салған ауыр айыппұлдары мен Иранға қарсы санкцияларын қайтаруына алаңдап, Иранға оралуға ықылас танытпай отыр. Бұл алаңдаушылықтарды шешу үшін АҚШ басшылары Иранмен арадағы банктік қарым-қатынастардың қайтадан басталатындығына сендіру үшін бұл елдің 15 қаржы орталықтары және банк өкілдерімен отырыс өткізді.
«Әл-Монитор» ақпарат базасы бұл туралы мәлімет жариялап, АҚШ басшыларының бұл кездесулерінің нәтижеге жетпегенін хабарлады. Еуропалық мемлекеттер инвестициялық компанияларына қазіргі мұрсатты Иранды ғасырдың ең үлкен сауда нарығы ретінде пайдалануға кеңес беруде. Алайда деректер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыру саласындағы АҚШ пен Еуроодақ саясаттарының бір-бірімен келіспейтінін көрсетеді. Бұл мәселе Иранның сауда мүдделеріне зиян келтіруде.
Хабардар көздердің бірі «Әл-Мониторге»: «АҚШ Мемлекеттік департаменті мен АҚШ-тың Қаржы министрлігі өткен аптада конференцияда Швейцарияның екі банкімен, атап айтқанда Credit және UBS банктерімен кеңесуге кірісті.
UBS банкінің ақпарат хатшысы «Әл-Мониторге»: «АҚШ-тың Иранмен сауда жүргізу туралы саясаттарына өзгеріс енгізілмеді»,- деді.
Ұлыбритания банкирлерінің ұйымы да бұдан бұрын: «Ұлыбританиялық банктер АҚШ басшылары тарапынан анықтауды талап етеді»,- деп мәлімдеген болатын.
«Sky News» арнасы да соңғы мәлімдемесінде: «Британиялық банкирлер ұйымы ВВА Теһранмен банктік қарым-қатынастарды қайтадан бастау мақсатында Иранға қарсы халықаралық санкциялардың күшін жою үдерісін зерттейтін комитет құруға келісті»,- деп хабарлады. Бұл арна Дэвид Кэмеронның Теһранға жіберген арнайы сауда өкілі лорд Ламонттің сөзіне сілтеме жасап: «Ұлыбритания Иранға қарсы санкция салудан және санкциялар кезінде осы елмен заңды сауда жүргізуге тыйым салынудан Франция, Германия және Италия көп зардап шекті»,- деді.
Еуропалық қаржы ұйымдары АҚШ-тың алғашқы санкцияларына көңіл бөліп, Иранмен қарым-қатынас орнатуға күмәндануда. Осыған орай компаниялар мен жеке тұлғаларға Иранмен тікелей қарым-қатынас жасауға шектеу қойып отыр.
Мұндай жағдай Иранның дипломатиялық органының ядролық келіссөздерден кейін экономикалық дипломатияны қаржы және банктік санкциялардың күштерінің жойылуына байланысты шынайы түрде анықтауға міндетті. Өйткені сауда және экономикалық қарым-қатынастардың дамуы санкциялардың толық жойылуына байланысты. АҚШ шын мәнінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламадағы міндеттемелерін іске асырмады. Сондықтан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде бекітілген қарар ретінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыруға міндеттейтіндей шара қолдауы керек.
АҚШ үкіметі, сондай-ақ бұл елдің сотының шешімін пайдаланып, Иранның мүлкін тәркілеп тонауға қол созды. АҚШ соттарының Иранның мүлкіне қарсы негізсіз және қисынсыз шешімдер қабылдауы халықаралық құқық пен жүйеге қарсы шынайы қоқан-лоққы болып табылады. АҚШ-тың бұл әрекеті халықаралық ұйымдар тарапынан қарастырылатын мәселе.