Қыр 22, 2023 13:21 Asia/Almaty
  • Парсы шығанағы  ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Иранның аймақтағы ынтымақтастық деңгейін жақсартуға бағытталған талпыныстарын құптады

Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Нью-Йоркте Иранның Сыртқы істер министрімен кездесуінде: «Біз Иранның аймақтағы ынтымақтастық деңгейін жақсарту жолындағы талпыныстарын құптаймыз",- деді.

 

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амирабдуллахиан, кеше бейсенбі күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы сессиясы  аясында Джассим әл-Бадаевимен кездесіп, кездесуге ризалығын білдіріп, Иран мен Парсы шығанағының оңтүстігіндегі елдер арасындағы қарым-қатынастарды кеңейтудің маңыздылығын қуаттап, өзінің Парсы шығанағы елдеріне жасаған соңғы сапарына және осы сапарда Иран ұсынған бастамаға тоқталып: "Біз диалог пен ынтымақтастық форумын құруды ұсындық",- деді.

Бұл кездесуде әл-Бадаеви де Иран мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер арасындағы қарым-қатынастардың дамуын құптап, ризашылығын білдіріп: "Парсы шығанағы аймағы маңызды аймақ және қуанышымызға орай, жаңа жағдайда аймақ елдері арасында кеңірек ынтымақтастық үшін мүмкіндік бар",- деді.

 

Тегтер