Амирабдуллахиан БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Оңтүстік Африканың Сыртқы істер министрімен кездесті
(last modified Fri, 22 Sep 2023 08:49:12 GMT )
Қыр 22, 2023 14:49 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Оңтүстік Африканың Сыртқы істер министрімен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы аясында Оңтүстік Африканың Сыртқы істер министрі Налди Пандурмен кездесіп, сөйлесті.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  бұл кездесуде Амирабдуллахиан Оңтүстік Африканы БРИКС саммитінің сәтті өтуімен құттықтап, Оңтүстік Африканың БРИКС тобына қатысты тамаша бастамалары және Иранның БРИКС-ке толық мүше болуына тиімді қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.   Амирабдуллахиан: "Сіз БРИКС арқылы әлемде көпжақтылық үшін маңызды хабарлама жібердіңіз және осы салада шешуші рөл атқардыңыз",- деді.

Оңтүстік Африканың Сыртқы істер министрі де Иранның БРИКС ұйымына мүшелігіне ризалығын білдірді және әлемдегі әртүрлі елдердің БРИКС-ке қосылу және ынтымақтасу туралы өтініштеріне назар аударып, ол БРИКС-тің болашақтағы жаһандық өзгерістер үшін жетекші ұйым болатынына үміт білдірді.     

Иран Сыртқы істер министрі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы аясындағы кездесулерінің жалғасында Катар, Нидерланды, Филиппин, Біріккен Араб Әмірліктері, Эквадор Сыртқы істер министрлері, Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары мен БҰҰ Бас Ассамблеясының Бас хатшысы кездесіп, әңгімелесті.