Вашингтон Бакуден Қарабақтағы бейбіт тұрғындарды қорғауды сұрады
Қыр 27, 2023 16:42 Asia/Almaty
Ереванға барған АҚШ халықаралық даму агенттігінің басшысы Саманта Пауэр Әзірбайжаннан атысты тоқтату режимін сақтап, Таулы Қарабақтағы бейбіт тұрғындардың құқықтарын қорғау үшін нақты қадамдар жасауды сұрады.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ол Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтен Таулы Қарабақтағы армян этникалық тобының құқығын қорғау туралы уәдесін орындауды, осы аймақты Армениямен байланыстыратын Лашын дәлізін толығымен ашуды және көмек пен халықаралық бақылау тобын жіберуге мүмкіндік берді сұрады.
Тегтер