Мәскеуде Иранның ең үлкен экономикалық көрмесі ашылды
(last modified Wed, 11 May 2016 15:07:09 GMT )
Maм 11, 2016 21:07 Asia/Almaty
  • Мәскеуде Иранның ең үлкен экономикалық көрмесі ашылды

Иранның шетелдегі ең үлкен көрмесі Ресей астанасы Мәскеуде ашылды.

Иранның шетелдегі ең үлкен экономикалық көрмесі түрлі салада 110 компанияның атсалысуымен сәрсенбі күні Ресей астанасы Мәскеуде Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрінің орынбасары Моджтаба Хосроу Тадждің қатысуымен ашылды.

Осы үш күндік көрме түрлі компаниялардың 700 өкілінің қатысуымен Иранның жекеменшік бөлімінің қызметін ұйымдастыру үшін Ресеймен сауданы кеңейту мақсатында Мәскеудегі көрме кешенінде ұйымдастырылды.