БҰҰ: Армения Қарабақ босқындарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты түйткілге ұшырап отыр
https://itolqyn.com/news/world-i72652-БҰҰ_Армения_Қарабақ_босқындарының_қажеттіліктерін_қанағаттандыруға_қатысты_түйткілге_ұшырап_отыр
БҰҰ-ның босқындар жөніндегі жоғары комиссары осы уақытқа дейін Таулы Қарабақтан 88 мың адамның Арменияға қоныс аударғанын айтып: "Ереван үкіметі олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда түйткілге ұшырап отыр",-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 29, 2023 19:20 Asia/Almaty
  • БҰҰ: Армения Қарабақ босқындарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты түйткілге ұшырап отыр

БҰҰ-ның босқындар жөніндегі жоғары комиссары осы уақытқа дейін Таулы Қарабақтан 88 мың адамның Арменияға қоныс аударғанын айтып: "Ереван үкіметі олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда түйткілге ұшырап отыр",-деді.

БҰҰ-ның баспасөз хатшысы Қарабақтан 120 мың армян босқынды қарсы алуға дайын болуы керек екенін айтып, босқындардың нақты санын болжау мүмкін емесін ескертті.

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян кеше үкімет отырысында Таулы Қарабақ автономды республикасының жойылғаны жариялануымен бір мезгілде: "Әзірбайжан республикасының этникалық тазарту саясаты салдарынан Таулы Қарабақтан армяндар көше бастады",-деді.

Никол Пашинян: "Сараптамалар көрсеткендей, ешбір армян алдағы күндері бұл аймақта қалмайды. Бұл – этникалық тазарту мен экспроприацияның тікелей нәтижесі. Мұны халықаралық қауымдастыққа бұрыннан бері ескерттік",-деді.