Медведов Ұлыбритания мен Германияға Ресейдің әскери шабуылдары туралы ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/world-i72702-Медведов_Ұлыбритания_мен_Германияға_Ресейдің_әскери_шабуылдары_туралы_ескерту_жасады
Ресей Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведов: "Ресей армиясы үшін Украина жерінде әскери дайындық жүргізіп жатқан британ әскерилері – "заңды әскери нысаналар",-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 01, 2023 18:26 Asia/Almaty
  • Медведов Ұлыбритания мен Германияға Ресейдің әскери шабуылдары туралы ескерту жасады

Ресей Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведов: "Ресей армиясы үшін Украина жерінде әскери дайындық жүргізіп жатқан британ әскерилері – "заңды әскери нысаналар",-деп мәлімдеді.

Дмитрий Медведов Telegram-дағы жеке парақшасында Ұлыбританияның жаңа Қорғаныс министрі Грант Шаппстың Украинаның әскерилерін үйрету үшін осы елге әскери күш жіберетіні туралы сөздеріне жауабында: "Олардың жаттықтырушылары біздің қарулы күштеріміз үшін бір заңды нысанаға айналады. Олар аяусыз жойылатынын түсінеді. Әрине жалдамалы ретінде емес, НАТО-ның британ мамандары ретінде",-деп мәлімдеді.