Түркия Ішкі істер министрі осы елдің қауіпсіздік басқармасы алдында лаңкестік жарылыс жасалғанын хабарлады
(last modified Sun, 01 Oct 2023 14:37:51 GMT )
Қаз 01, 2023 20:37 Asia/Almaty
  • Түркия Ішкі істер министрі осы елдің қауіпсіздік басқармасы алдында лаңкестік жарылыс жасалғанын хабарлады

2 лаңкес Түркия қауіпсіздік басқармасының алдына көлікпен келіп, олардың бірі көлікте өзін жарып жіберген. Екінші адам граната лақтырмақ болған, бірақ оны қауіпсіздік күштері өлтірген. Бұл шабуылда екі полиция офицері жараланды.

The Sky News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл шабуыл Түркия Ішкі істер министрлігінің ДАИШ лаңкестік тобының бірқатар мүшелерін ұстауға қатысты әрекетімен тұспа-тұс келді. Олардың есімдері террористер тізіміне енген.

Сондай-ақ, бір апта бұрын Түркияның оңтүстігіндегі Измир қаласында бір шабуыл залалсыздандырылды, ДАИШ лаңкестік тобының қарулы элементтері тұтқындалды.  

Бүгінгі шабуыл Түркия Парламенті жазғы каникулдан кейін жұмысын бастар алдында орын алды.