Қаз 02, 2023 19:50 Asia/Almaty
  • Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: Аймақтағы кез келген геосаяси өзгеріс тұрақсыздық пен дағдарыстың артуына себеп болады

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Акбар Ахмадиан Армения Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорянмен кездесуінде Кавказ аймағындағы соңғы өзгерістерге және барлық тараптардың аймақта тыныштық пен қауіпсіздік орнатуға талпыныстарын арттыру керегін айтып:

"Аймақтағы кез келген геосаяси өзгеріс қауіпсіздікті бұзып, тұрақсыздық пен дағдарыстың артуына себеп болады",-деді.

Армен Григорян ИИР-ның Кавказ аймағында бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуда әсерлі рөл ойнап жатқанына тоқталып, Иранның бұл салада жұмысын жалғастыра беруін сұрады.   

 

Тегтер