Қаз 02, 2023 20:35 Asia/Almaty
  • Сардар Каани: Имам Хұсейннің (ғ.) кесенесінің жанында Әһл-е сүннеттің қатысуымен халықаралық форум өтеді

Ислам революциясының Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің қолбасшысы 62 елдің өкілдерінің қатысуымен шиіттердің үшінші имамы хазірет Аба Абдулла Хұсейн(ғ.) кесенесінің жанында халықаралық форум өтетінін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бригада генералы Исмаил Каани үздік күрке құрушыларды марапаттау рәсімінде зияратшыларға қызмет етушілердің имам Хұсейнге (ғ.) айрықша құрметпен қарайтынын айтып: "Биыл сүнниттер Арбағин шеруіне келген зияратшыларға қызмет көрсететін күркелер құруға өткен жылмен салыстырғанда көбірек қатысты",-деді.  

Ислам революциясының Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің қолбасшысы биыл  хазірет Аба Абдулла Хұсейн(ғ.) кесенесінің жанында 62 ел өкілдерінің, әсіресе сүнниттердің қатысуымен халықаралық форум өтетінін айтып: "Бұл форумда әлемнің ең маңызды тақырыптары, соның ішінде  Палестина мәселесі талқыланады",-деді.

Тегтер