Ардебильде ЭЫҰ-ға мүше елдердің туризм саласындағы аға сарапшыларының жетінші отырысы басталды
(last modified Thu, 05 Oct 2023 08:56:40 GMT )
Қаз 05, 2023 14:56 Asia/Almaty
  • Ардебильде ЭЫҰ-ға мүше елдердің туризм саласындағы аға сарапшыларының жетінші отырысы басталды

Ардебильде ЭЫҰ-ға мүше елдердің туризм саласындағы аға сарапшыларының жетінші отырысында визаны алып тастау мәселесі күн тәртібіне қойылды.

Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрінің орынбасары: "ЭЫҰ-ға мүше елдердің туризм саласындағы аға сарапшыларының бүгінгі отырысында Иран осы ұйымға мүше елдер арасында визаны алып тастауға ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс шетелдік тараптардың қолдауына ие болды",-деді.

Шалбафан: "Жуырда ЭЫҰ-ға мүше елдер арасында визаны алып тастауға қажетті шаралар мүше елдердің әріптестігімен күн тәртібіне қойылады. Бұл елде, соның ішінде Арбедиль сияқты облыстарда туризмді дамытуда маңызды да әсерлі қадам болады. Өйткені Иран туризм саласында теңдессіз әлеуетке ие",-деді.