Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы БАӘ-не аттанды
(last modified Thu, 05 Oct 2023 12:33:22 GMT )
Қаз 05, 2023 18:33 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы БАӘ-не аттанды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бағер Қалибаф БАӘ басшыларымен кездесіп, сөйлесуі мақсатында Абу-Дабиге аттанды.

Парламентаралық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру және тату көршілестік қатынасты кепілдендіру Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы мен  БАӘ басшылары арасындағы сұхбаттың басты өзегі болады.

Мұхаммед Бағер Қалибаф сапар алдында берген сұхбатында ИИР-дың сыртқы саясатта көршілес елдермен достық қатынасқа басымдық беретінін айтып: "Екі елдің парламенттік және экономикалық ынтымақтастығы Теһран-Абу-Дабидің қарым-қатынас деңгейін жоғарылатуға себеп болады",-деп үміт білдірді.