Қарабақ босқындарының 99 пайызы Арменияда тіркелген
(last modified Sat, 07 Oct 2023 13:49:24 GMT )
Қаз 07, 2023 19:49 Asia/Almaty
  • Қарабақ босқындарының 99 пайызы Арменияда тіркелген

Армения үкіметі Таулы Қарабақтан қашып, осы елге келген армяндардың 99 пайыздан астамы тіркеліп, оларға алғашқы төлем жасалғанын хабарлады.

 

Армения премьер-министрі кеңсесінің баспасөз хатшысы Назли Багдасарян: "Жалпы, Таулы Қарабақтан қашып Арменияға келген 100 632 адамның 99,2 пайызы Арменияда тіркелді",- деді.

Әзірбайжан армиясының соңғы операциялары және Баку мен Қарабақ жергілікті үкіметі арасында атысты тоқтату туралы келісімге қол қойылғаннан кейін Қарабах автономиялық үкіметінің барлық әскери және әкімшілік мекемелері таратылып, бұл аймақтың әкімшілігі Әзірбайжан үкіметінің бақылауында болуы керектігі келісілді.  

Таулы Қарабақ – халықаралық қауымдастық Әзірбайжанның бір бөлігі деп танитын аумақ. 20 қыркүйекте Әзірбайжан армиясының бұл аймақтағы әскери операциясынан бір күн өткен соң, атысты тоқтату туралы келісім жарияланып, осыдан кейін көптеген армяндар Қарабақтан кетті.