Еуропарламент Әзірбайжанды этникалық тазарту жасады деп айыптады
Қаз 07, 2023 19:52 Asia/Almaty
Еуропарламент өкілдері Әзірбайжанды Таулы Қарабақ аймағында армян халқына қарсы этникалық тазарту жүргізді деп айыптап, Еуропа елдерінен Бакуге эмбарго салуды сұрады.
Еуропарламент Әзірбайжан күштері тарапынан жасалған қоқан-лоққылар мен зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын жариялады. Бұл айптау Таулы Қарабақ аймағында армян халқы шамамен қалмаған жағдайда жасалуда.
Осы тұрғыда Қарабақтағы азаматтық құқықтардың бұрынғы медиаторы Артак Болгарян мемлекеттік сектордағы бірнеше жүз қызметкер, жедел жәрдем қызметкерлері, еріктілер және ерекше қажеттіліктері бар адамдар қалғанын және олар да аймақтан кетуге дайындалып жатқанын хабарлады.
Тегтер