Қаз 08, 2023 22:40 Asia/Almaty
  • Ұстаздардың басидж ұйымы әлемнің ұстаздары мен студенттерін Палестина халқының операциясын қолдауға шақырды

Иран ұстаздарының басидж ұйымы әлемнің университеттері қоғамын Палестина халқының басқыншылық пен зұлымдыққа қарсы операциясын қолдауға және аймақта тұрақты бейбітшілік пен тыныштық орнатуға көмектесуге шақырды.

Иран ұстаздарының басидж ұйымы өз мәлімдемесінде әлемнің ұстаздары мен студенттері қоғамын Газаның мазлұм халқын қолдауға шақырып, Палестина халқы зұлымдыққа және сионизмге қарсы тұтқиылдан жан-жақты операция жасау арқылы іс жүзінде өз дайындығын көрсеткенін айтты.

Иран ұстаздарының басидж ұйымының қоғаммен байланыс бөлімінің хабарлауынша, бұл мәлімдемеде: "Аталмыш обыр Алланың рақымымен Палестина халқы мен қарсыласу күштерінің арқасында бүкіл аймақтан тамырымен жойылады",-делінген.

Иран ұстаздарының басидж ұйымының мәлімдемесінде: "Қарсыласу күштері мен джиһадтық топтар өте дәл, қырағы әрі зор дайындықпен жүзеге асырған "Әл-Ақса дауылы" операциясы Палестина халқының күрес тарихында бетбұрыс нүктесіне айналады. Зұлымдық, басқыншылық пен бала өлтіруге құрылған теңгерім енді Палестина халқының мүддесіне орай өзгереді",-делінген.

Тегтер