Қаз 08, 2023 23:07 Asia/Almaty

Иранның Оңтүстік Хорасан облысының Қызыл жарты ай ұйымының директоры Ауғанстанда жер сілкінісі болған аудандарға іздестіру-құтқару күштерін жібергенін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммедәли Кавуси: "Ауғанстанның солтүстік-батысында болған жер сілкінісінен кейін Иранның Оңтүстік Хорасан облысының Қызыл жарты ай ұйымы гуманистік, бауырластық және тату көршілестік принципі аясында толық жабдықпен 15 адамдық жылдам әрекет ету тобын Ауғанстанда жіберілді",-деді.

Кавуси Ауғанстанда алапат жер сілкінісі болғанына және көптеген адамдардың қаза тауып, жараланғанына өкініш білдіріп: "Оңтүстік Хорасан облысы көрші ретінде жер сілкінісі болған сәттен бастап облыстың шекаралық ауылдарына бағалау топтарын жіберіп, Ауғанстанның зілзаладан зардап шеккендеріне көмектесуге дайындығын мәлімдеді",-деді.

Сенбі күні таңертең Ауғанстанда 6,3 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Герат қаласының маңында 10 км тереңдікте болды.

БҰҰ жер сілкінісінен қаза тапқандар санының 500 адамнан асқанын мәлімдеді.

Жер сілкінісінің қуатты болғаны сондай, Иран, Түркіменстан мен Өзбекстанның кейбір аймақтарында толық сезілді. 

Тегтер