Ақ үй: Иранның ХАМАС операциясына қатысы жоқ
Бір америкалық шенеунік Иранның "Әл-Ақса дауылы" операциясына қатысы болу ықтималы туралы уәждерді теріске шығарды.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ үкіметі шенеуніктерінің бірі жексенбі күні таңертең: "ХАМАС-тың сионистік режимге қарсы "Әл-Ақса дауылы" операциясына Иранның қатысы барын көрсететін бір белгі жоқ",-деп мойындады.
Аты аталмауын сұраған бұл америкалық шенеунік ақпарат құралдарына берген сұхбатында: "Ақ үй Тель-Авивті қолдайды. Бұл режимге қажетті барлық әскери құралдарды беруге дайын",-деді.
Ол: "Байден үкіметі жексенбі күні сионистік режимге жаңа әскери көмек беретінін жариялауы мүмкін",-деді.
Ақ үйдің бұл шенеунігі АҚШ Президенті Джо Байденнің Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен сөйлескеніне тоқталып, Байден үкіметінің Тель-Авивке жаңа әскери көмек жіберуге уәде бергенін хабарлады.