Газада қаза тапқандар саны 493 адамға жетті
https://itolqyn.com/news/world-i72890
Газаның Денсаулық сақтау министрлігі: "Газада тұрғын аудандардың бомбалануы салдарынан 493 адам шәһид болды",-деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 09, 2023 19:13 Asia/Almaty
  • Газада қаза тапқандар саны 493 адамға жетті

Газаның Денсаулық сақтау министрлігі: "Газада тұрғын аудандардың бомбалануы салдарынан 493 адам шәһид болды",-деп хабарлады.

Сионистік режимнің армиясы бүгін, дүйсенбі күні таңертең басып алынған жерлерде сионист әскерилер мен қарсыласу күштері арасында болған қақтығыстар жайлы: "Біз кеше кешке Газа секторында қарсыласу топтарының 500-ден аса объектісін нысанаға алдық. Газаға әуе шабуылы барысында 1000 тоннадан аса жарылғыш зат тастадық",-деді.

Басқа жағынан БҰҰ-ның Батыс Азиядағы гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы (UNRWA) өз мәлімдемесінде: "8 қазанның соңына дейін бұл аймақтың бомбалануы салдарынан 123538 тұрғын өз үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды",-деді.

Палестиналықтар өз үйлерін тастап, UNRWA-ға қарасты мектептерді паналады.